×
22.09.2022, 18:02
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Үш күн бұрын болған автобус апатынан тағы бір медқызметкер көз жұмды

Дәрігер жол апатынан жарақаттанған еді

Үш күн бұрын болған автобус апатынан тағы бір медқызметкер көз жұмды

Балқашта қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде акушер Айдана Имашева қайтыс болды. Ол осыдан үш күн бұрын 4 адамның өмірін қиған жол апатында жарақаттанып, ауруханаға жеткізілген болатын, деп хабарлады Elorda.info.

Дәрігердің өмірі үшін әріптестері үш күн күресті. Бірақ бүгін, 22 қыркүйекте ол есін жимастан қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында іссапардан келе жатқан 2 дәрігер қаза тапты

Айдана Амантайқызы Имашеваның артында үш баласы мен жұбайы қалды.

Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының ұжымы Жезқазған медициналық орталығының мейірбикесі Айдана Амантайқызы Имашеваның қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Ол да әріптестері сияқты осыдан бірнеше күн бұрын Ақтоғай ауданында жол апатынан зардап шекті. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресті, бірақ бүгін, 22 қыркүйекте өкінішке орай бақилық болды. Айдана Амантайқызы өмірінің көп бөлігін мейірбике ісіне арнады. Оның кәсіпқойлығы мен акушерлік шеберлігі металлургиялық комбинат жұмысшыларының оннан астам перзенттерін дүниеге әкелді. Артында күйеуі мен үш баласы қалды. Айдана Амантайқызы игілікті істерімен емделушілер мен медицина саласындағы әріптестерінің жадында мәңгі сақталады, - деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасынан.

Айта кетейік, 19 қыркүйек күні сағат 19:30-да Ақтоғай ауданында Сарышаған кентінен 30 шақырым жердегі Алматы-Екатеринбург автожолында МАЗ жүк көлігі мен ПАЗ жолаушылар автобусы соғысқан болатын.

               
 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері