×
12.09.2022, 11:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада су сүзгісін ауыстырмақшы болған ер адам ақша салынған сөмкені ұрлап кеткен

Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады

Елордада су сүзгісін ауыстырмақшы болған ер адам ақша салынған сөмкені ұрлап кеткен
Фото: ашық дереккөзден

Елордада су сүзгісін ауыстырып беремін деген ер адам ақша салынған сөмкені ұрлап кеткен, деп хабарлады Elorda.info.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің Алматы аудандық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 33 жастағы ер адамды ұстады.

Тергеу барысында күдіктінің Қарағанды қаласының тұрғыны екені және елордаға бір күнге келгені анықталды.

Күдікті су сүзгісін ауыстырып беремін деген сылтаумен Күйші Дина көшесіндегі пәтерлердің бірінің есігін қағады. Содан ол сүзгіні тексеріп, дәлізден ішінде 120 мың теңге көлемінде ақшасы бар сөмкені ұрлап кеткен. Ұрлық жасағаннан кейін ер адам қайтып Қарағандыға жолға шыққан, - деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, ұсталған азамат өз кінәсін мойындады, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығына тексеру жүргізілуде.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері