Elorda.info

Елордада дүкен ұрысы ұсталды (ВИДЕО)

Полиция бөліміне ЖШС өкілі хабарласып, белгісіз біреу супермаркеттер желісінде шамамен 80 мың теңгеге жуық тауарларды ұрлап кеткенін айтқан, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада дүкен ұрысы ұсталды (ВИДЕО)

Сауда залында орнатылған бейнебақылау камераларын қарау барысында ұрлықтың орын алған сәті бейнетаспаға түсіп қалған. Иығында сөмкесі бар жас жігіттің сөреден төрт бөтелке «Джеймсон» вискиін алып, басқа уақытта бес қорап «Мерси» шоколадын алып сөмкенің ішіне жасырғаны, содан кейін ол сауда залынан еш кедергісіз шығып кеткені жазылған.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ұрлық жасағанын мойындаған 23 жастағы күдіктіні ұстады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдіктінің елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті сауда орындарының иелеріне сақ болуға және дүкендерде ұрлықтан қорғау шараларының кешенін енгізуге кеңес береді. 

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Оқиға