Elorda.info

Нұр-Сұлтанда мешітте ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұялы телефон ұрлаған 32 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлады Elorda.info.

Нұр-Сұлтанда мешітте ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Тергеу барысында анықталғанындай, ер адам сағат 23.00 шамасында Тәуелсіздік даңғылы бойындағы мешітке келген. Мешіттің кіреберісінде келушілердің жеке заттарын қалдыруға арналған сөреде «Samsung» маркалы ұялы телефоны жатқанын байқап, оны жасырын ұрлап алып, бой тасалаған. Келтірілген материалдық шығын 100 мың теңгені құрайды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат кінәсін мойындады, заттай дәлелдеме тәркіленді. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, – делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азматтарға сақ болуды және құнды заттарыңызды қараусыз қалдырмауды ескертеді. 

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Оқиға