×
08.08.2022, 10:37
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Оралда кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілерді іздеуге әскерилер де тартылды

Оралда кәсіпкерді өлтіргендерді іздеу жұмыстарына ішкі әскер жұмылдырылды, деп хабарлады Elorda.info.

Оралда кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілерді іздеуге әскерилер де тартылды
Фото: БҚО ПД баспасөз қызметі

«Мой город» порталының жазуынша, ҚР Ұлттық ұланына қарасты 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қаладағы белгілі кәсіпкер Еркін Мұханғалиевті өлтіру оқиғасы 6 тамыз күні сағат 20:00 шамасында болған. Қылмыскерлер кафеде ер адамға шабуыл жасап, оған бірнеше рет пышақ сұғып алған. Кәсіпкер терезеден көшеге қарай жүгіріп шыққанда, олар оны көлік тұрағында қуып жетіп, өлтіріп кеткен.

Күдіктілердің жеке тұлғасы анықталып, 7 тамызда полицейлер екі күдіктіге – кісі өлтірген соң қылмыс орнынан қашып кеткен 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелдіге іздеу жариялады.

Бүгінде тәртіп сақшылары қалаға кіретін барлық жолды, сондай-ақ күдіктілер жасырынуы мүмкін делінген барлық жерді тексеріп жатыр.

Барлық жеке құрам мен қосымша күштер күдіктілерді іздеуге жұмылдырылды. Егер сіз күдіктілердің орналасқан жері туралы қандайда да бір ақпарат білсеңіз, 102 пультіне немесе 98-45-30 телефонына хабарласыңыз. Анонимділікке кепілдік беріледі, - дейді полиция өкілдері.

Қылмыскерлерді іздеу жұмыстары бірнеше күннен бері жалғасып жатыр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері