×
08.08.2022, 11:04
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Жасөспірім қыз Бадам өзеніне батып кетті

Шымкентте 11 жастағы  қыз өзен үстіндегі құбырдан құлап кетті. Жүзуді білмейтін жеткіншек суға батып кетті, деп хабарлады Elorda.info Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Жасөспірім қыз Бадам өзеніне батып кетті
фото: ашық дереккөзден

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай Еңбекші ауданындағы Қарабастау тұрғын алабында болған.

Оқиға орнына қалалық ТЖ департаментінің 10 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды.

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары бірнеше сағат бойы су астында іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде құтқарушы сүңгуірлер қыздың денесін тауып алып, судан шығарып, туыстарына тапсырды, - делінген хабарламада.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері