×
07.08.2022, 17:28
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада колония аумағынан есірткі салынған түйіншек табылды

Белгісіз біреулер тыйым салынған заттар толтырылған түйіншекті Нұр-Сұлтан қаласындағы түзеу мекемесінің аумағына лақтырған, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада колония аумағынан есірткі  салынған түйіншек табылды
Фото: Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД

Түзеу мекемесі қызметкерлері сотталғандардың бірінің әрекеті күдік туғызғандықтан, колония аумағын шолып шығуды жөн деп шешкен.

Оқиға елордадағы колониялардың бірінде болған. Серуендеу кезінде сотталғандардың бірі серуендеу ауласынан шығып кеткен. Оны колония қызметкерлері ұстаған. Сотталушының әрекетін анықтау үшін қызметкерлер колония аумағын тексерген. Тексеру барысында учаскелердің бірінде скотчпен оралған түйіншек табылды, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, түйіншекте тыйым салынған заттар болған: ақ түсті ұсақ кристалл тәрізді заты бар қара таспамен оралған түйіншек, сұр-жасыл түсті ұнтақ тәрізді заты бар полиэтилен түйіншегі, белгісіз сұйықтығы бар пластик ыдыс.

Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді, аталған факті бойынша тексеру амалдары қолға алынды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері