×
07.08.2022, 11:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада жекеменшік балабақшада анасы бір ай бойы келмеген бүлдіршін қайтыс болды

Елордада тәулік бойы жұмыс істейтін жекеменшік балабақшада бүлдіршін көз жұмды. Балаға бір айдан астам келмей кеткен ана үлкен қызына қатысты ата-ана құқығынан шеттетілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада жекеменшік балабақшада анасы бір ай бойы келмеген бүлдіршін қайтыс болды
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қалалық Білім басқармасының «К» есімді әйелге қатысты азаматтық істі қарады. Бұл тұрғыда басқарма оның үлкен қызына қатысты ата-ана құқығынан айыру және алимент өндіріп алуды талап етті», - делінген хабарламада.

Мәлім болғандай, аталған әйел кіші қызын үйде ашылған жекеменшік балабақшаға тәулік бойы тұруға берген. Ол балабақшаның рұқсат құжаттары болмаған. Әйел балабақшаға ақы төлемеген және қызына бір айдан астам уақыт келмеген. Ал үлкен қызы әжесінің қарауында болған.

2022 жылғы сәуірде жеке үйдегі балабақшада болған оның кіші қызы қайтыс болды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Баланың денесінде көптеген дене жарақаттары болған. Сот шешімімен «К» үлкен қызына қатысты ата-ана құқығынан шеттетілді. Баланың болашақ тағдырын анықтау үшін үлкен қызы «Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы» ММ-нің қарауына берілді. Анасынан алимент өндіріп алынды, - деп хабарлады қалалық соттан.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері