×
07.08.2022, 08:16
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада көпқабатты үйден өрт шықты

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада көпқабатты үйден өрт шықты
Фото: қалалық ТЖД

6 тамызда сағат 20.05-те Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД бөлімшелері Төлебаев көшесі, 6 мекенжайында орналасқан «Арыстан» тұрғын үй кешенінде өрт шыққаны туралы хабарламаға дереу шықты. Шақырту орнына өрт сөндірушілер үш минутта жетті. Өрт сөндіру барысында қойма нысанында 25 шаршы метр алаңда құрылыс материалдары мен пластик бұйымдар жанғаны анықталды. Өрт сөндірушілердің күшімен жалынның таралуы сағат 20.21-де тоқтатылып , 20.32-де толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - делінген ТЖД хабарламасында.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 28 адам мен 5 техника жұмылдырылған.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері