×
06.08.2022, 19:21
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада жасөспірімнің сөмкесінен ұялы телефон ұрлаған күдікті ұсталды

Криминалдық полиция қызметкерлері 32 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада жасөспірімнің сөмкесінен ұялы телефон ұрлаған күдікті ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Сағат 20:00 шамасында елордадағы Жұбанов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің ауласындағы футбол алаңы жанынан өтіп бара жатқан ер адам жасөспірімдердің футбол ойнап жатқанын байқап, оларды сырттай бақылайды.

Балалар ойынға қыза кірісіп кеткенде ол футбол алаңы шетінде жатқан жасөспірімдердің бірінің сөмкесіне қол салып, ұялы телефонды ұрлаған. Содан кейін оқиға орнынан бой тасалаған.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері