×
18.07.2022, 20:15
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада бөтеннің банктік картасынан ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 23 жастағы қызды ұстады, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада бөтеннің банктік картасынан ақша ұрлаған күдікті ұсталды
Фото: ашық дереккөз

Тергеу барысында анықталғанындай, жас қыз сағат 21.30 шамасында Ұлы Дала көшесіндегі дүкенде болып, бөтеннің «Kaspi gold» картасынан ақша ұрлап, ізін суытқан.

Күдіктінің көшеде банктік картасын тауып алып, дүкенге барғаны белгілі болды. Ол сатып алғаннан соң банктік картаны тауып алған жеріне қайта қойған. Жәбірленуші картаның жоғалғанын сатып алғаны туралы хабарлама келген кезде ғана білген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындады, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Полицейлер сақ болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға, жеке заттар (ұялы телефондар, банктік карталары, алтын бұйымдар және т.б.) жоғалған жағдайда полицияға дер кезінде хабарлауға кеңес береді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері