×
18.07.2022, 10:32
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

ШҚО-да суға батқан қайықтан 24 турист құтқарылды (ВИДЕО)

Шығыс Қазақстан облысы Бұқтырма су қоймасында 24 адам мінген қайық суға батып кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

ШҚО-да суға батқан қайықтан 24 турист құтқарылды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Оқыс оқиға жексенбіде сағат 19:00-де «Аюда» демалыс аймағынан үш шақырым қашықтықта болған.

Секундына 20 метр жылдамдықпен соққан дауыл салдарынан «Садко» демалыс орнынан «Аюда» базасына бет алған қайық суға бата бастаған. Қайықта 24 адам, яғни 21 жолаушы және үш команда жетекшісі болған, – деді Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі.

Суға батып бара жатқан қайықтағыларды жағажайдағы демалушылар жағаға алып шыққан. Олар гидроскутермен бірінші балаларды, кейіннен ересек азаматтарды жағаға жеткізген. 21 жолаушының барлығы аман-есен.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері