×
11.07.2022, 19:15
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

ІІМ интернет-алаяқтардың қылмыстық тобын ұстады (ВИДЕО)

Полиция интернет арқылы бірнеше алаяқтық жасаған 15 адамнан тұратын қылмыстық топты құрықтады. Олар – Қазақстан мен Ресей азаматтары, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

13-22 маусым аралығында өз пәтерін сатқан Алматы тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп қалған. Ол бірнеше траншпен сатылымнан түскен 23 миллион теңгені алаяқтардың шоттарына аударған. Алданып қалғанын түсінген жәбірленуші 24 маусымда құқық қорғау органдарына жүгінген.

Аталған фактіге байланысты Алматы қаласы Алмалы ауданының ПБ Қазақстан Республикасы ҚК 190-бабының 4-бөлігінде (Аса ірі мөлшердегі алаяқтық) көзделген қылмыстық құқықбұзушылық құрамының белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Сол күні тергеліп жатқан іс аясында ІІМ Криминалдық полиция департаменті мен Алматы ПД аса тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

Жедел іздестіру және тергеу іс-шаралары барысында алаяқтық әрекеттерде Қазақстанның әртүрлі қалаларында тұратын жалған тұлғаларға ресімделген 10-ға жуық банк карталары пайдаланылғаны анықталды.

Қазақстан Республикасы ІІМ киберқылмыспен күрес бөлімшесінің жедел уәкілдері Павлодар облысы және Алматыдағы әріптестерімен бірге Қазақстан мен Ресей азаматтарының 15 адамынан тұратын қылмыстық топты ұстады. Олар интернет арқылы алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

Бес қатысушыға қатысты “қамауға алу” бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта топ қатысушыларының интернет-алаяқтықтың алты эпизодына ықтимал қатыстылығы анықталды, келтірілген шығын 106 миллион теңгеден асты.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері