Elorda.info

Елордада ішімдікке тойып алған әке екі айлық қызын еденге лақтырып жіберді

Елордада екі айлық қызының денсаулығына аса ауыр зақым келтірген әке ұсталды, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада ішімдікке тойып алған әке екі айлық қызын еденге лақтырып жіберді

Қоғам белсендісі Дина Тәңсәрі Facebook парақшасында жазғандай, ер адам ішімдікке сылқия тойып алған көрінеді.

Оның жарының айтуынша, ер адам мас болса әйелі мен бала-шағасын соққыға жығады екен. Ал бұл жолы ол небәрі екі айлық сәбиін жерге лақтырып жіберген. Бала қазір жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер сәбидің бас сүйегі сынып, миына қан құйылғанын айтады. Ішімдікке сылқия тойып алған ер адам, тіпті, әйелі мен алты жасар ұлын да сабап тастаған.

Сонымен қатар қоғам белсендісі әйелдің бірнеше мәрте полицияға жүгінгенін айтады. Бірақ ер азамат ең көп дегенде бес күн ғана ұсталған. Мұндай жағдай соңғы рет маусым айында болған.

 

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Оқиға