Elorda.info

Ірі сауда орталығына тағы да «бомба қойылды»

Алматыдағы «МОСКВА Метрополитен» сауда орталығының қызметкерлері мен келушілері «бомба қойылды» деген ақпаратқа байланысты эвакуацияланды, деп хабарлады Elorda.info.

Ірі сауда орталығына тағы да «бомба қойылды»

Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, хабарлама полицияға 4 шілде күні сағат 10:04-те түскен.

Мұндай хабарламаларға бірінші кезекте жауап беру алгоритмі аясында алғашқы кезекте келушілер мен орталық қызметкерлері эвакуацияланды, жол полициясы бөлімшелері көліктерді осы нысанға іргелес жатқан жолдан алыстатты. Қысқа мерзімде қабылданған іс-шаралар нәтижесінде хабарламаның жалған екендігі анықталды, - деп мәлімдеді Алматы ПД баспасөз қызметі.

Алматы полициясы тұрғындарды үрейленбеуге, сабырлы болуға және қалада жүргізіліп жатқан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырды.

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Оқиға