Нұр-Сұлтан 22.1°
×
01.07.2022, 15:47
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қарағанды облысында ерлі-зайыпты жол апатынан қаза тапты (ВИДЕО)

Қарағанды облысында жол-көлік апатынан екі адам қаза болды, деп хабарлады Elorda.info

Қарағанды облысында ерлі-зайыпты жол апатынан қаза тапты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Облыстық Полиция департаменті мәлімдегендей, қайғылы оқиға 30 маусымда сағат 15.45 шамасында Балқаш – Сарышаған тас жолында болған.

DAF FT XF-105 ауыр жүк көлігінің 61 жастағы жүргізушісі Балқаш қаласы жағынан келе жатып, Сарышаған кентіне 50 шақырым қалған тұста рөлге ие бола алмай қалған. Көлік жол жиегіне аударылып кеткен. Оқиға салдарынан жүргізуші мен 57 жастағы жолаушы (жүргізушінің әйелі) оқиға орнында көз жұмды, –  делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі кезде аталған дерек полицияға тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері