Нұр-Сұлтан 22.4°
×
30.06.2022, 20:14
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордалық жас жігітті танысы тонап кетті

Бейтаныс адаммен болған отырыс елордалықтың жеке заттарының ұрлануына әкеп соқты, деп хабарлады Elorda.info қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Елордалық жас жігітті танысы тонап кетті
фото: ISTOCK

Жас жігіт көрші облыстан ақша табуға келген танысын Тәуелсіздік даңғылындағы жатақхананың жалға алынған бөлмесінде тұруға шақырған. Жастар бөлмеде сөйлесіп, ішімдік ішкен. Жәбірленуші едәуір көп ішіп, ұйықтап қалған. Қаскүнем танысы ұйықтап қалған сәтті күтіп, оның қолма-қол ақшасы бар әмияны мен «СамсунгA51» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткен. Ұрланған заттардың иесі оянып, әмиянның жоғалып кеткенін біліп, полицияға хабарлаған. Келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгеге бағаланып отыр.

«Алматы» ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде күдіктіні ұстады. Ол 23 жастағы жігіт болып шықты.

Аталған факті бойынша «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің елорда аумағында осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері