Нұр-Сұлтан 22.1°
×
30.06.2022, 08:46
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордалық жасөспірім 20 күннен кейін табылды

Полиция қызметкерлері 9 маусым күні үйден кетіп, қайтып оралмаған қызды Ақкөл қаласынан тапты, деп хабарлады Elorda.info.

Елордалық жасөспірім 20 күннен кейін табылды
фото: ашық дереккөзден

Polisia.kz мәліметінше, 17 жастағы жасөспірім 20 күн бойы өзінің жақсы көретін жігітімен болған. Бұл жасөспірімнің үйден алғашқы қашуы емес, ол бұған дейін де осылай жасаған. Қазіргі уақытта ол үйіне оралып, анасына тапсырылды.

Ата-аналарға баланың мінез-құлқын бақылау қажеттілігі және оларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктің бары туралы ескертеміз. Сондай-ақ отбасындағы қолайсыз психологиялық ахуал баланың жеке басына үлкен әсер етіп, оның үйден кетіп қалуына ықпал етеді,-дейді Нұр-Сұлтан қаласы ПД КПБ іздестіру бөлімінің бастығы Нұрғали Асылхан.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері