Нұр-Сұлтан 11.6°
×
27.06.2022, 20:09
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордалық туған күнге қонақ болып келіп, ұры болып қайтты

Туған күн кешін тойлау кезінде келген қонақтардың бірі үстелден ұялы телефон ұрлады, деп хабарлады Elorda.info қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Елордалық туған күнге қонақ болып келіп, ұры болып қайтты
фото: ашық дереккөзден

Түнгі уақытта Бөгенбай батыр даңғылындағы жалдамалы пәтерде досының туған күнін атап өтіп жатқан 20 жастағы күдікті үстелде тұрған «Samsung» маркалы ұялы телефонды байқап қалған. Әңгіме барасында назар басқа жаққа ауған сәтте үстел үстіндегі телефонды алған. Ізінше ұры пәтерден асығып шығып кетеді.

Сарыарқа аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бұған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған елорда тұрғынын ұстады. Жауап алу барысында ол танысының ұялы телефонын ломбардқа өткізгенін мойындады. Күдіктіге қатысты «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
 

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері