Нұр-Сұлтан 19°
×
27.06.2022, 14:25
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Нұр-Сұлтанда ер адам жиенінің ноутбугін ұрлап кетті

Алматы ауданының полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 36 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлады Elorda.info.

Нұр-Сұлтанда ер адам жиенінің ноутбугін ұрлап кетті

Тергеу барысында күдіктінің туыстарына қонаққа келгені анықталды. Содан кейін ол үйде жалғыз қалатын сәтті күтіп, жиеніне тиесілі «Lenovo» маркалы ноутбукті жасырын ұрлап кеткен. Содан кейін ноутбукті төмен бағамен ломбардқа өткізіп, бірнеше күнге басқа қалаға кетіп қалған. Күдіктіні келген бойда криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкіл қызметкерлері ұстады, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, заттай дәлелдемелер алынды. Күдіктінің елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Полицейлер сақ болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері