Нұр-Сұлтан 11.6°
×
24.06.2022, 20:27
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елорда тұрғындары 200 дана профлист ұрлады

Нұр-Сұлтан тұрғындары профлист ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлады Elorda.info.

Елорда тұрғындары 200 дана профлист ұрлады
фото: ашық дереккөзден

Polisia.kz мәліметінше, Қорғалжын аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне ұрлық туралы ауданның шаруа қожалықтарының бірінің басшысы жүгінген.

Шаруа қожалығының аумағында  ұрлық жасаған 27, 30 және 34 жастағы елорданың бұрын сотталмаған үш тұрғыны анықталды. Олар қоршалмаған құрылысты көріп, жүк көлігімен профлисттарды алып кеткен. Күдіктілер құрылыс затын базарда сатып та үлгерген.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері