Нұр-Сұлтан 10.6°
×
21.06.2022, 12:18
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елорданың қақ ортасында қарасора өсіргендер ұсталды (ВИДЕО)

20 маусым күні жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында елордалық полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп, жертөле қабатындағы жалға алынған үй-жайда құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсірген екі ер адамды ұстады, деп хабарлады Elorda.info.

Жігіттер дайындалған бірінші партиядан егін жинап үлгерген.

Тінту іс-шаралары барысында қарасора өсіруге арналған арнайы жабдықтар алынды: шамдар, желдеткіштер, контейнерлер. Сонымен қатар тыйым салынған өсімдіктерді өсіруге арналған препараттар мен тыңайтқыштар, буып-түю материалдары, электронды таразылар тәркіленді.

Күдіктілер қылмыстық ниетті іске асыру мақсатында жылу режимі мен ылғалдықты сақтай отырып, желдеткіштерді, шамдарды, тамшылатып суару жүйесін орнату арқылы есірткі өсімдіктерін өсіруге жағдай жасаған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы “Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Күдіктілер Нұр-Сұлтан қаласы ПД УҰИ-ға қамалды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері