Нұр-Сұлтан 19°
×
20.06.2022, 22:47
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Абай облысында жол апатынан бір адам көз жұмды

Абай облысының Көкпекті ауданында «Васильев» өткелінде жол талғамайтын көлік аударылды, деп хабарлады Elorda.info Semeynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
Фото: Semeynews.kz

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 19 маусымда сағат 15:37 шамасында 45 жастағы жүргізуші басқарған Mitsubishi Pajero автокөлігі Васильев өткелі – Көкпекті бағытымен келе жатып, Көкпекті ауданының 72/97 шақырымында жылдамдықты сақтамай, жол апатына ұшыраған. Жол жиегінде аударылған көліктің ішінде үш жолаушы болған. 

Жол апаты салдарынан 41 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Түрлі дене жарақаттарын алған 45 жастағы жүргізуші және кәмелетке толмаған екі бала медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады, – делінген ведомство хабарламасында.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері