Нұр-Сұлтан 11.6°
×
16.06.2022, 16:27
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ақмола облысында 36 бас жылқы ұрлағандар ұсталды

Ерейментау ауданы Байсары ауылының тұрғындарына тиесілі 36 бас жылқы ұрлығы бойынша күдіктілер ұсталды, деп хабарлады Elorda.info.

Ақмола облысында 36 бас жылқы ұрлағандар ұсталды
фото: ашық дереккөзден

Polisia.kz мәліметінше, шығын сомасы 17 млн 750 мың теңгені құрады. Жамбыл облысының тұрғындары және жақын шетелдің тумасынан тұратын 31-36 жас аралығындағы қылмыстық топтың айыпталушылары қамауға алынды.
Полиция қызметкерлері қаскүнемдер түнгі уақытта еркін жайылып жүрген малды жүк газеліне, сондай-ақ «Scania» тіркемесі бар фураға тиеп, жануарларды Жамбыл облысы Байзақауданының аумағына жеткізгенін анықтады. Кейін күдіктілер жылқыларды жергілікті «АСА-ЕР» базарында сатқан.

Аталған факті бойынша аудандық полиция бөлімінің тергеу бөлімі ҚР ҚК 188-1-бабының 4-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері