Нұр-Сұлтан 9.9°
×
14.06.2022, 15:38
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада күзетшілер құрылыс нысанында ұрлық жасады

Арнайы көлікпен келіп ұрлық жасаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлады Elorda.info қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Елордада күзетшілер құрылыс нысанында ұрлық жасады
фото: ашық дереккөзден

Қалалық  криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде құрылыс объектісінен ұрлық жасады деген күдікпен екі ер адамды ұстады.

Тергеу барысында 2 миллион теңгеден астам сомаға қасбеттік материалдарды ұрлап 30 және 34 жастағы екі күдіктінің осы құрылыс нысанында күзетші болып жұмыс істегені анықталды.

Түнде бөтен адамдардың жоқтығын пайдаланып, қаскүнемдер көлікті алдын-ала ұйымдастырып, ұрланған заттарды алып кеткен. Қылмыстық ниетпен алынған алюминий парақтарын сатпақшы болған.
Аталған фактіге байланысты «ұрлық»  бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер өз кінәсін мойындады, олардың елорда аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығына тексеру жүргізуде.
 

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері