Нұр-Сұлтан 17.9°
×
14.06.2022, 14:38
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада сауда үйінің бұрынғы жүк тиеушісі ұрлық жасады

Елордалық 23 жастағы ер адам сауда үйінен гаджеттерді ұрлап кеткен, деп хабарлады Elorda.info қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

 

Елордада сауда үйінің бұрынғы жүк тиеушісі ұрлық жасады
фото: ашық дереккөзден

Сауда үйінің әкімшісі полицияға белгісіз біреу ішке кіріп, гаджеттерді ұрлап кеткенін айтып, шағымданған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде күдікті ұсталды.

Тергеу барысында дүкеннің бұрынғы жүк тиеуші болып жұмыс істегені анықталды. Ол түнгі уақытта Қаныш Сәтбаев көшесіндегі сауда үйіне терезе арқылы кіріп, содан кейін бутиктерге құлыптарын бұзу жолымен кірген. Жиһаз салонынан ол «Самсунг» маркалы 4 ұялы телефонын және «НР»  маркалы үш ноутбукты ұрлап кеткен. Ол ұрланған мүліктің жарты бөлігін сатып үлгерген.
Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері