Нұр-Сұлтан 9.9°
×
13.06.2022, 12:12
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Павлодарда әскери қызметші қаза тапты

Оқыс жағдай 5512 әскери бөлімінде болған, деп хабарлады Elorda.info Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарда әскери қызметші қаза тапты
Фото: ашық дереккөз

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, әскери бөлімге жедел жәрдем шақырту сағат 19.17-де түскен.

Қызметтестерінің айтуынша, ер адам КамАЗ көлігінің дөңгелегін үрлеп жатқан. Сол кезде жарылыс болған, - дейді басқарма мамандары.

Марқұмның туыстарының айтуынша, дөңгелек жарылып, әскеридің басы жұлынып кеткен. Белгілі болғандай, ер адамды еңбек демалысы кезінде жөндеу жұмыстары үшін шақырып алған. Марқұмның артында жүкті әйелі мен қызы қалды.

Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының мәліметінше, аталған деректен кейін қылмыстық іс қозғалған. Оқиға 12 маусымда 19:15 шамасында болған.

Айта кетейік, қаза тапқан сарбаз 1990 жылы туған.


 

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері