Нұр-Сұлтан 9.9°
×
09.06.2022, 20:13
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Нұр-Сұлтанда автокөлік ұрлаған күдікті ұсталды

Елорданың «Сарыарқа» ауданының полиция қызметкерлері заңсыз көлік айдап әкеткен 25 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлады Elorda.info. қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

 

Нұр-Сұлтанда автокөлік ұрлаған күдікті ұсталды
фото: ашық дереккөзден

Деректерге сәйкес, қала тұрғыны полицияға түнгі сағат 03.00 шамасында Әлия Молдағұлова көшесіндегі үйдің ауласынан «ВАЗ 21113» маркалы автокөлігінің ұрланғанын айтып хабарласқан. Автокөлік иесі туыстарының үйінің ауласында көлігінің есігін ашық қалдырып кеткен. Полицейлер үйдің жанынан өтіп бара жатқан ер адамның өзгенің автокөлігін «айдай тұрайын»  деп шешкенін анықтаған. Көлік айдап әкетуші рөлге масан күйде отырып, Лесозавод  жаққа қарай жүрген. Сағат 05.30-да Үшқоңыр көшесіне көлікті қалдырып, өзі қашып кеткен.

Айдап әкету фактісі бойынша ҚР ҚК 200-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұрының заңды бірінші рет бұзбағаны белгілі болды. 2020 жылы ол ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері