×
04.06.2022, 16:47
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Әскерде тағы бір сарбаз көз жұмды

Соңғы уақытта еліміздің армиясында қайғылы оқиғалар жиілеп кетті. Бүгін тағы бір сарбаздың асылып өлгені белгілі болды, деп хабарлады Elorda.info.

Әскерде тағы бір сарбаз көз жұмды

Бұл туралы әлеуметтік желіде Бегабат Ұзақов есімді қолданушы жазды.

Тағы бір әскер қайтыс болды

Бүгін таңғы сағат 5-тер шамасында Маңғыстау облысы, Бейнеу шекара қызметінде мерзімді әскери борышын өтеп жүрген Тешебаев Еділ Бақытұлы (20.03.2003) «асылып қалған». Әскери бөлімдегілер марқұмның Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында тұратын отбасына екі түрлі хабар айтқан: алғашында «аяқ киімінің бауына асылып қалған» десе, кейін «белбеуіне асылып қалған» деген.  Тағы бір таңданарлық жайт,  әскери бөлім тарапынан марқұм жазып кеткен деп түрлі жазбалар жіберіліп жатыр екен.  Жазбаларда көрсетілген уақыт дұрыс көрсетілмеген. Жазу да марқұмға тиесілі емес көрінеді.

Марқұм кеше кеште таныстарынан, туыстарынан ақша сұраған...

Айдың -күннің аманында тағы бір боздақ қыршын кетті, тағы бір отбасы қара жамылды. Қазақстан әскеріндегі қайғылы жағдайлар қашан тоқтайды?  Жоғары шенді әскерилер Армияны бақылаудың орнына, жалған жазба жазып, айыбын жуып-шаюмен айналысып кеткен бе? Бұл оқиғаның ақиқатын кім анықтайды? - деп жазды желі қолданушысы.

Айта кетейік, елімізде балалары әскерге кетіп, отбасына табытпен қайтқан сарбаздар көп.

Еске салайық, жақында ғана Отарда Әлібек Қалбай есімді сарбаз жұмбақ жағдайда көз жұмған болатын.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері