Нұр-Сұлтан 11.6°
×
31.05.2022, 17:47
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Бомба қойылған»: Ақтөбе облыстық ПД поштасына жалған хабарлама келген

Ақтөбе облыстық ПД электронды поштасына оқу орындардың ғимараттарына бомба қойылғаны туралы жалған хабарлама келіп түсті, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Бомба қойылған»: Ақтөбе облыстық ПД поштасына жалған хабарлама келген
Фото: ашық дереккөз

31 мамыр күні сағат 12:30 шамасында Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің электрондық поштасына оқу орындардың ғимараттарына бомба қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Барлық шұғыл қызметтер мен саперлер тобы дереу оқиға орнына шықты, ғимараттарды жарылғыш құрылғылардың болуына тексеру ұйымдастырылды.

М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, Қ. Жұбанов атындағы АӨМ университеті, ЭжСУ және М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының студенттері, оқытушылары және жұмысшылар ғимараттардан шығарылды. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ.

Полиция департаменті анонимді хабарламалардың авторын анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізуде. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері