×
30.05.2022, 12:24
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

167 бас малды ұрлаған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)

ІІМ Криминалдық полиция департаменті Павлодар облысы ПД-мен бірлесіп ұйымдастырған арнайы операция нәтижесінде Семейде ұрланған 40 бас жылқыны айдап өту кезінде бес адамнан тұратын өңіраралық қылмыстық топты ұстады, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл топтың, сондай-ақ Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында алты мал ұрлығын жасағаны дәлелденді. Олар барлығы 167 бас мал ұрлаған. Тінту кезінде күдіктілерден тағы 67 ұрланған жылқы, автокөлік және екі мотоцикл табылды.

Топ қатысушылары арасында нақты рөлдерді бөлуді қарастырғаны анықталды. Сонымен бірге ұрланған мал алдын ала союға дайындалған жерге айдалып, етті таныс қасапшыларға сатып отырған.

Қылмыстық топқа қатысты ҚР ҚК-нің 262-бабы (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) бойынша қосымша қылмыстық істер қозғалды, яғни мүлкін тәркілей отырып, ұйымдасқан қылмыстық топты құру, оған басшылық ету және оған қатысқаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қаралды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері