Elorda.info

Елордада «Тәуелсіздікке 30 жыл» деген жазуы бар баннер адамдардың үстіне құлап кетті

Нұр-Сұлтандағы Бейбітшілік және келісім сарайы маңында күшті желдің салдарынан «Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл» деген жазуы бар баған әйел мен жасөспірім қыздың үстіне құлап кеткен, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада «Тәуелсіздікке 30 жыл» деген жазуы бар баннер адамдардың үстіне құлап кетті

Qumash Telegram-арнаcsның жазуынша, оқиға кеше кешкі уақытта болған. Оқиға куәгері қондырғыны жел орнынан қозғалтып жібергенін, ол орнатылған жерден 10-15 метрдей жерге ұшып кеткенін айтқан.

33 жастағы әйелдің денесінің көп бөлігі сынған. Түнде оған ота жасалып, жансақтау бөлімінен политравматология бөліміне ауыстырылды.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем оқиға орнына үш минут ішінде жеткен.

Бір ересек пен бір жасөспірім зардап шеккен, оларды толық тексеру үшін қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізді. Жедел жәрдем көлігінде оларға ауруханалардың арнайы мамандары барлық қажетті медициналық көмек көрсетті.
Зардап шеккен әйел түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Әйелдің жағдайы тұрақты, науқас толық айыққанша стационарда болады және стационарлық ем алады, - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жасөспірім қызды да мамандар тексергенін, қарау кезінде науқастың жағдайы орташа, еш асқынусыз болғанын айтты.

Дәрігерлер толық сараптама жүргізіп, одан кейін қыз амбулаторлық емдеуге жіберілді, – деді ведомстводан.

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Оқиға