Elorda.info

Нұр-Сұлтанда жасөспірім қызды тонап кетті

Қала тұрғыны полицияға хабарласып, белгісіз біреу оның 16 жасар қызының ұялы телефонын ашық түрде ұрлап кеткенін айтқан, деп хабарлады Elorda.info

Нұр-Сұлтанда жасөспірім қызды тонап кетті

Жәбірленушінің айтуынша, кешкі уақытта сағат 19.00 шамасында жасөспірім Республика даңғылының бойымен келе жатқан, осы уақытта оған ер адам жақындап келіп, оның қолынан «Redmi» маркалы ұялы телефонын тартып алып қашып кеткен. 

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері бұрын сотталған 25 жастағы қала тұрғынын ұстады. 

Қазіргі уақытта аталған фактіге байланысты «Тонау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтың елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.    

Полицейлер азаматтарды қырағы болуды ескертеді. 

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Оқиға