Нұр-Сұлтан 15.9°
×
26.05.2022, 22:21
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстанда интернет алаяқтардың саны артқан

Елімізде интернет алаяқтық қылмысы өршіп тұр. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Шалқаров айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстанда интернет алаяқтардың саны артқан

Оның айтуынша, егер 2017 жылы 2 мың интернет алаяқтық оқиғасы кездессе, былтыр 21 мыңнан астам жағдай тіркелген. Ал ең көп тарағаны онлайн сауда екен.

Биыл 4 айда онлайн сауда бойынша 2,5 мың факті тіркелді. Онда алаяқтар тауар немесе көрсететін қызмет үшін алдын ала төлем алады. Азаматтардың жеке деректерін алғаннан кейін банк шотынан ақша ұрлау бойынша 1,8 мың факті әшкереленді. Онлайн қарыз рәсімдеу арқылы 1 мыңнан астам қылмыс жасалды. Ақшаны әртүрлі тиімді жобаларға, инвестицияға, ставкаға және басқа да салаға салып, көбейтіп беру сылтауымен 400-ге жуық алаяқтық тіркелді, – деді С.Шалқаров.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері