Нұр-Сұлтан 16°
×
26.05.2022, 22:48
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қостанайда аулалардың бірінде оқушыны қылқындыру сәті видеоға түсіп қалды

Желіде Қостанайда оқушылардың төбелескен видеосы пайда болды. Ол жерден балалардың бірі екіншісін тұншықтырып, талдырып тастағанын көруге болады, деп хабарлады Elorda.info

Қостанайда аулалардың бірінде оқушыны қылқындыру сәті видеоға түсіп қалды
Фото: видеодан скриншот

Stan.kz-тің жазуынша, мектеп топтарының бірінде балалардың қатыгездікке толы төбелесі пайда болды. Кадрларда аулалардың бірінде екі оқушының жанжалдасып қалғанын көруге болады. Кейін төбелес кезінде біреуі екіншісіне тұншықтыру әдісін қолданады. Бұдан соң бала ес-түссіз асфальтқа құлап қалады. Ал екінші бала дым болмағандай кете береді. 

Бұл уақытта басқа оқушылар футбол алаңындағы қоршаудың сыртында тұрып, бәрін бақылап тұрады. 

Желі пайдаланушыларын балалардың қатігездік әрекеті ғана емес, роликті түсіріп тұрған адамның ең болмаса терезеден айғайлап, оларды тоқтатуға әрекет жасамауы ашуландырған. 

Полиция оқиға қаланың шағын аудандарының бірінде спорт алаңында болғанын хабарлады. Жанжалдасқан балалардың тек 9 және 10 жаста екені анықталды. 

Ювеналды полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасында төбелес болғанын анықтады. Нәтижесінде 9 жасар бала жерге құлап түсті. Үйіне барған соң балалар ата-аналарына ештеңе айтпаған. Төбелес туралы құқық қорғаушылар WhatsApp желісінде таралған видео арқылы білді. Бүгін бұл жағдай жасөспірімдердің ата-аналары, педагогтар мен ювеналды полиция қызметкерлері қатысқан жиында қаралды, – деп хабарлады Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері