Нұр-Сұлтан 16°
×
26.05.2022, 21:53
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Батыс Қазақстанда тағы бір баланы тоқ соқты

Батыс Қазақстан облысында алты жасар баланы тоқ соқты, деп хабарлады Elorda.info Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Батыс Қазақстанда тағы бір баланы тоқ соқты
Фото: Sputnik Қазақстан

Жазатайым оқиға 24 мамырда Казталов ауданы Бостандық ауылында болды.

Алты жасар бала ойнап жүріп трансформаторға барған. Ол аудандық ауруханаға жатқызылды. Баланың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Бала алақаны мен маңдайынан 1-2 дәрежелі жарақатын алды. Қазір ол ауруханада жатыр, қажетті ем алуда, - деді аудандық аурухананың бас дәрігері Зинур Саткеш.

Ауыл әкімі Асланбек Сармалаевтың айтуынша, трансформатор шаруа қожалығының басшысына тиесілі, ол қоршалмаған.

Біз трансформатор иелеріне оларды қоршау керек екенін үнемі айтып отырамыз. Тек жеке трансформаторларда ғана емес, электр желісіне тиесілі трансформаторларда да осындай проблема бар. Оларды қоршау керек. Біз электр желісіне осындай өтінішпен хат жолдадық, - деді Асланбек Сармалаев.

Айта кетейік, бұл – БҚО-дағы екінші қайғылы оқиға. 24 мамыр күні Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылында төрт жасар баланы тоқ соқты. Бала ауыр жарақат алды, дәрігерлер баланың екі қолын ампутациялауға мәжбүр болды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері