×
26.05.2022, 17:01
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ақтауда жастар мен полицейлер жаппай төбелесті (ВИДЕО)

Ақтауда мекемелердің бірінде жастар мен полицейлер жаппай төбелесті. Оқиғаның видеосы желіге тарап кеткен, деп хабарлады Elorda.info Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Ақтауда жастар мен полицейлер жаппай төбелесті (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Кадрларда бір топ жас жігіттің полицейлермен айғайласып жатқанын көруге болады.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 мамырда сағат 23.10 шамасында Самал шағын ауданындағы жағалауда, «Монако» мекемесіне қарама-қарсы болған.

Тәртіп сақшылары бұл деректің мектеп бітіруші түлектерге қатысы жоғын айтты.

 Аумаққа жауапты полицейлер дер кезінде жағдайдың алдын алды. Жастар ешқандай арыз жазбады. Олармен арада профилактикалық әңгіме жүргізілді, - деп қорытындылады ведомство өкілі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері