Нұр-Сұлтан 14.5°
×
25.05.2022, 18:06
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Көкшетауда оқушы жарылғыш зат құрастырып, мектептің алдына қойған

Көкшетаудағы мектептердің бірінде қолдан жасалған жарылғыш зат табылды, деп хабарлады Elorda.info.

Көкшетауда оқушы жарылғыш зат құрастырып, мектептің алдына қойған

Облыстық Полиция департаменті оқушылардың бірі оны жинап, мектептің терезесінің алдында қалдырғанын мәлімдеді. Ол бұл қылығын мектепте оқығысы келмегендіктен жасапты. 

Оқушы қызбен ювеналды полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Жарылғыш құрылғының жалпы сипаты – сымдары бар қалайыдан жасалған банкі. 

Ол кезде оқушылар ғимаратта болмаған. Мектептен 20 педагог пен 10 қызметкер шұғыл эвакуацияланды. 

Оқиға орнына полиция келген. Жарылғыш құралды техник-мамандар жарып, зерттеу жұмыстарын бастаған.

 

Айдана Сулейменова,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

Журналистика және саясаттану факультетінің 2-курс студенті

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері