24 мамыр күні кешке Оралдағы Гагарин және Жәнібек көшелерінің қиылысында жүргізуші кәмелетке толмаған баланы қағып кетіп, зардап шегушіні тұрғылықты жеріне апарып, қашып кеткен, деп хабарлады Elorda.info.
Жүргізуші ақ түсті Toyota көлігінде болған. Аталған автокөлікті іздеуге БҚО ПД барлық жеке құрамы жұмылдырылды, - деп мәлімдеді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір зардап шеккен бала анасымен бірге медициналық тексеруден өтуде. Бала аяғы ауыратынын айтып шағымданған.
Полиция баланың алған жарақатына қарай құқық бұзушылық деңгейі анықталатынын атап өтті.