Нұр-Сұлтан 9.2°
×
24.05.2022, 22:41
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ақмола облысында әйел 5-қабаттан құлады

Ақмола облысы Атбасар қаласында 37 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап, қаза тапты, деп хабарлады Elorda.info.

Ақмола облысында әйел 5-қабаттан құлады
Фото: ашық дереккөз

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі қайғылы оқиға 23 мамырда болғанын мәлімдеді.

Ақмола облысының Атбасар қаласында 37 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап, көз жұмды. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, - деді ПД баспасөз қызметі.


 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері