Нұр-Сұлтан 14.5°
×
24.05.2022, 12:24
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада автобус жүргізушісі жасөспірім қызды зорлаған

Елордада автобус жүргізушісі сал ауруымен ауыратын қызды зорлаған деген күдікке ілінді, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада автобус жүргізушісі жасөспірім қызды зорлаған
Фото: ашық дереккөз

Бүгінде Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті 55 жастағы автобус жүргізушісінің сал ауруымен ауыратын 16 жастағы жасөспірім қызды зорлау ісін тергеп жатыр. Күдікті табылып, бірақ ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.

Оқиға 16 мамыр күні күндіз болған. Жасөспірім колледжден автобуспен үйіне қайтқан. Қыздың ағасының айтуынша, жүргізуші жасөспірімге қаланы аралатып көрсететінін айтып, автобуста қалуын сұраған. Содан кейін ол соңғы аялдамаға барып, күш қолданып, зорлық жасаған.

Ағасы автобустағы камераның қозғалыс кезінде қосылып тұрғанын, бірақ жүргізуші соңғы аялдамада оны өшіріп тастағанын нақтылады. Камералар 17 минут жұмыс істемеген. Бәрі аяқталғаннан кейін ол автобустан қашып шыққан. Соңғы аялдамада тұрған адамдар қызға ол жерден кетуіне көмектескен.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері