Нұр-Сұлтан 16°
×
23.05.2022, 22:05
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада велосипед ұрлаған күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтанда үйдің кіреберісінен велосипед ұрлады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада велосипед ұрлаған күдікті ұсталды

“Сарыарқа” ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бұрын ұрлық жасағаны үшін жауапқа тартылған велосипед ұрлаған күдіктіні ұстады.

Тергеу барысында анықталғандай, сағат 16:00 шамасында Ақан сері көшесінің бойында 37 жастағы ер адам “олжа” іздеп жүрген. Ол үйдің кіреберісінен құны 75 мың теңге тұратын велосипедті байқаған. Күдікті жақын жерде ешкімнің жоқтығын пайдаланып, сымарқанды үзіп, велосипедті ұрлап ізін суытқан.

Аталған факті бойынша “Ұрлық” бабымен қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған ер адамның елорда аумағындағы басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері