Нұр-Сұлтан 14.5°
×
23.05.2022, 17:28
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қосшы қаласында 3 жасар бала 4-қабаттан құлап кетті

Ақмола облысы Қосшы қаласында 3 жасар бала абайсызда төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті, деп хабарлады Elorda.info.

Қосшы қаласында 3 жасар бала 4-қабаттан құлап кетті
Фото: ашық дереккөз

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай мамырдың 21-де сағат 16:00 шамасында болған.

Ақмола облысының Қосшы қаласында 3 жасар бала абайсызда төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Зардап шеккен бала Нұр-Сұлтан қаласы балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды, - деді ведомстводан.

Полициядан атап өткендей, бүлдіршін анасы дүкенге шығып кеткенде терезеден құлаған. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайын анықталып жатыр.

Отбасы екі бала тәрбиелеп отыр. Арнайы органдардың есебінде тұрмайды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері