Нұр-Сұлтан 22.9°
×
22.05.2022, 08:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Антикордың жалған қызметкері Каспий жағалауынан жер телімін талап еткен

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзін Антикор өкілі ретінде таныстырып, Ақтау қаласы әкімдігінен жер учаскесін беруді талап еткен күдіктіні ұстады, деп хабарлады Elorda.info Агенттікке сілтеме жасап.

Антикордың жалған қызметкері Каспий жағалауынан жер телімін талап еткен
Фото: ашық дереккөзден

Биылғы жылдың 19 мамырында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзін Антикор қызметкері ретінде таныстыра отырып, Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларынан коммерциялық объектілерді орналастыру үшін оның атына жер учаскесін ресімдеуді талап еткен 1997 жылғы Нұрбол Каримовты әшкереледі. Каримовтың заңсыз әрекеттері дер кезінде тоқтатылды, - делінген Агенттік хабарламасында.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Агенттік Каримовтың бұрын да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін екендігін айтады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері