Нұр-Сұлтан 9.2°
×
19.05.2022, 12:51
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Әйелін соққыға жыққан адамға қылмыстық іс қозғала ма (ВИДЕО)

Әйелін соққыға жығып, қабырғасын, мұрнын, бет сүйектерін сындырған ер адам қандай жауапкершілікке тартылатынын заңгер Ғабит Өмірбек түсіндіріп берді, деп хабарлайды Elorda.info 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап.

– Ғабит мырза, Бізде заң бойынша жолдасы жұбайына қол жұмсаса ол арыз бойынша тек әкімшілік іс қозғалатыны рас па? 

– Негізінен, рас. Әкімшілік іс қана қозғалады. Өйткені «Отбасылық жанжал» деген бар. Ол жерде тек қана әкімшілік іс қозғалады. Алайда, мен өзімнің прокурорлық тәжірибемнен айтайын, кезекші прокурор болғанда мұрны сынып бір әйел келді. Күйеуін қамап тастадық. Қылмыстық кодекстің 107-бабы, яғни денесіне орта дәрежелі зиян келтірді деген айып бойынша қылмыстық іс тіркелген сәтте жолдасы күйеуін аяп, балаларының әкесі деп арызын қайтарып алып, жай отбасылық жанжалмен жапты.

Сондықтан бұл жерде тек қана әкімшілік құқық бұзушылық кодекстегі 73-бап деп қана қарамайық, бұл жерде қылмыстық құқық бұзушылықты да қолдануға болады. Алайда оны көп әйел білмейді. Көбінесе, әйел адамдардың құқығы тапталып жатады ғой. Олар істі тек қана отбасылық жанжал деп қарастырады.

– Яғни, заңды өзгертіп әуре болмай-ақ, бар бапты қолдану керек пе?

– Дұрыс айтасыз. Бар бапты қолдана білу керек. Өкінішке қарай, біздікілер бар бапты қолданбайды. Көбінесе, әкімшілік іске бұрмалай салады. Өйткені әкімшілік істі сотқа жолдау да оңай. Ол бойынша ешқандай сараптама тағайындаудың қажеті жоқ. Жай ғана медициналық қызметкердің анықтамасы болса болды. «Денесі көгерген, беті көгерген, қолы сырылған» деген жай анықтамамен-ақ сотқа жібере алады.

Сондықтан да олар басын ауыртқысы келмейді. Әкімшілік іс қозғайды да, сотқа жолдайды. Қазір әйелдің қабырғасы, мұрны, бет сүйектері сынып жатқан оқиғалар көп. Ол бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексімен қылмыстық іс қозғалады. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері