Нұр-Сұлтан 14.5°
×
16.05.2022, 17:08
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ұлттық музей басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

Ұлттық музей басшылығы 146 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram арнасында мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info

Ұлттық музей басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК лауазымды тұлғаларына қатысты «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, шарттың жалпы сомасы 1,2 млрд теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта тергеу сотының санкциясымен тінту, сондай-ақ куәлардан жауап алу және басқа да тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Іс бойынша түпкілікті шешім қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын орындау нәтижелері бойынша қабылданатын болады, - деді агенттіктен.

Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері