×
04.05.2022, 13:05
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада зергерлік дүкеннен гауһар тас ұрлаған әйел ұсталды (ВИДЕО)

Нұр-Сұлтанда белгісіз әйел дүкеннен құны бір миллион теңгеден асатын гауһар тасты ұрлап кетті, деп хабарлады Elorda.info.

Полицияға дүкен директоры арызданып, Ғабдуллин көшесіндегі зергерлік дүкеннен белгісіз біреудің құны бір миллион теңгеден асатын гауһар тасты ұрлап кеткенін айтты.

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу және бейнебақылау камераларын қарау барысында күдікті анықталды. Ол 49 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Әйелдің зергерлік дүкенге жиі келетіні және бұрын бірнеше рет үлкен сомаға тауар сатып алғандығы анықталды. Күдікті кешкі сағат 17.45-те зергерлік дүкенге кіріп, сатушының басқа келушілермен сөйлесіп тұрғанын пайдаланып, қымбат затты ұрлап, қылмыс орнынан бой тасалаған, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Ұсталған азаматша кінәсін мойындады, заттай айғақ тәркіленді. Аталған факті бойынша “Ұрлық” бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оның елорда аумағында жасалған басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері