×
03.02.2022, 15:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордалық полицейлер бірнеше ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

Полицияның 102-арнасына елорда тұрғынынан белгісіз адам жатақхана бөлмесінің есігін бұзып кіріп, құны 330 мың теңге тұратын «LG» маркалы теледидарды ұрлағаны жөнінде хабарлама келіп түскен, деп хабарлады Elorda.info Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Елордалық полицейлер бірнеше ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 31 жастағы ер адамды ұстады. Ұсталған адамның басқа да қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Мәлім болғанындай, күдікті жәбірленушімен бірге спирттік ішімдік ішкеннен кейін оның басынан ұрып «Самсунг» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткен.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, оның елорда аумағында бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді және есіктерді сенімді құлыптармен жабдықтауды ескертеді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері