×
03.02.2022, 09:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қызылордада тәртіпсіздік кезінде ең ірі ломбардты тонағандар ұсталды

Қызылордада қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қаладағы ең ірі ломбардты тонаған екі топ ұсталды, деп хабарлайды Elorda.info Хабар24 телеарнасына сілтеме жасап.

Қызылордада тәртіпсіздік кезінде ең ірі ломбардты тонағандар ұсталды

Алты күдікті 300 миллион теңгенің зергерлік бұйымдарын ұрлаған. Құрылыс алаңында жасырылған зергерлік бұйымдардың бір бөлігі қайтарылған. Іс бойынша айыпталушылардың бәрі уақытша ұстау изоляторында отыр. Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Күдіктілерден айғақ ретінде ұрланған алтын бұйымдар: 125 сақина, 22 алқа, 7 білезік және үш алтын сағат тәркіленді. Сонымен қатар, олар ұрлап кеткен ноутбук тәркіленді. Дерекке бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп түсіндірді облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Самат Ысқақов.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері