×
02.02.2022, 22:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Түркістандық әйел 500 мың теңге тұратын тонды ұрлап, ломбардқа өткізген

Түркістандық полицейлер құны 500 мың теңге тұратын тонды ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген әйелді ұстады, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістандық әйел 500 мың теңге тұратын тонды ұрлап, ломбардқа өткізген

Түркістан қалалық ПБ-ға ер адам арызданып, үйіне қонаққа келген әйелдердің бірі құны 500 мың теңге тұратын қысқы тонын ұрлап кеткенін айтқан. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Осылайша, тәртіп сақшылары болған оқиғаның толық мән-жайын анықтауға кірісті.

Жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп, куәгерлерден жауап алынды. Атқарылған шаралардың барысында бір күн ішінде күдікті анықталды. Тергеушілердің анықтауынша, күдікті әйел жәбірленушінің танысы болып шықты. Ол құрбысымен бірге жәбірленуші ер адамның үйіне қонаққа келген, өзара кішігірім отырыс өткен. Осылай көңіл көтеріп отырған кезде күдікті әйел ешкімге байқатпай үй иесінің бағалы қыстық тонын жымқырып кеткен. Ұрланған тонды ломбардтардың біріне 100 мың теңгеге өткізіп жіберген. Тәртіп сақшылары айғақ зат ретінде қыстық тонды алып, заңды иесіне қайтарды.

Бүгінгі таңда аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері